Астанада қыздар арасында Қазақстан чемпионатын өткізу форматы талқыланды

Астанада қыздар арасында Қазақстан чемпионатын өткізу форматы талқыланды

24 қаңтар 2019, 14:19
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстандағы спорт мектептерінің өкілдері мен жаттықтырушылары арасында әйелдер футболынан басқосу өтті.

Жиын алдында Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Сейілда Байшақов сөз сөйледі. Ал, жиынды жүргізген әйелдер футболының директоры Берік Дүзелбаев жаңа маусымдағы жарыстардың өткізу форматын таныстырды.

Дөңгелек үстелге қатысқандардың арасында Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Шымкент және Тараз қалаларының спорт мектептерінің өкілдері мен әйелдер футболының жаттықтырушылары болды. U-15, U-17 және U-19 жас категориялары бойынша қыздар арасында Қазақстан Чемпионатын өткізу форматы, жарыс ережесі мен күнтізбесінің жобасы талқыланды.

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова да жиынға қатысты. Ал, Техникалық орталықтың директоры Арсен Іңкәрбеков бапкерлердің категориясына қатысты сауалдарға жауап берді.

Бөлісу
Жоғары