Қазақстан - Хорватия матчына билеттер сатыла бастады

Қазақстан - Хорватия матчына билеттер сатыла бастады

24 қаңтар 2019, 16:06
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Хорватия арасындағы жолдастық кездесудің алғашқы ойынына билеттердің онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы алғашқы ойын 1 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Басталуы - 18:00.

Билеттерді www.ticketon.kz және zakazbiletov.kz сайттарынан онлайн сатып алуға болады. Билетттің құны 500-1500 теңге аралығында. 

 

Билеттерді келесі мекенжайлар бойынша да сатып алуға болады:

«Тикетон» (Алматы):

1. «Globus» сауда ойын-сауық орталығы, Абай даңғылы, 109 В, 2 қабат, «Тикетон» кассасы;

 

«Меломан» (Алматы):

1. «Grand», Гоголь көшесі, 58 (Панфилов көшесімен қиылыс);

2. «MEGA Alma-Ata» сауда ойын-сауық орталығы, Розыбақиев көшесі 247;

3.  «Esentai Mall» сауда ойын-сауық орталығы, әл-Фараби даңғылы, 77/8, 3 қабат;

4. «Dostyk Plaza» сауда ойын-сауық орталығы, Самал-2, 111, (Достық даңғылы, Жолдасбеков көшесінің қиылысы), 3 қабат.

 

Қазақстан мен Хорватия құрамалары арасындағы екінші ойын 2 ақпан күні 17:00-де өтеді. «Бағанашыл» спорт кешеніндегі «Зенит» залында өтетін ойынға кіру тегін! 

Бөлісу
Жоғары