Молдова құрамасы Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

Молдова құрамасы Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

11 ақпан 2019, 17:02
Молдова құрамасының бас бапкері Александр Спиридон Қазақстанмен өтетін жолдастық кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 18 футболшы енді:

Қақпашылар: Дмитрий Челядник («Шериф»), Дориан Рэйлян («Петрокуб»);

Қорғаушылар: Вячеслав Посмак, Артем Розгонюк, Андрей Макрицкий (барлығы - «Шериф»), Дину Граур, Артур Крачун (екеуі де - «Милсами»), Ион Жардан («Петрокуб»);

Жартылай қорғаушылар: Георгий Антон, Валерий Макрицкий (екеуі де - «Шериф»), Дан Тарас, Ясер Цуркан (екеуі де - «Петрокуб»), Константин Санду («Сперанца»), Александр Антонюк, Сергей Платика (екеуі де - «Милсами»);

Шабуылшылар: Владимир Амброс («Петрокуб»), Николай Милинчану («Кьяссо», Швейцария), Ион Николаеску («Шахтер» Солигорск, Беларусь).

 

Қазақстан мен Молдова құрамалары арасындағы жолдастық матч 21 ақпан күні Түркияның Анталия қаласында өтеді. 

Бөлісу
Жоғары