Таразда балалар футболын дамыту мәселесі талқыға түсті

Таразда балалар футболын дамыту мәселесі талқыға түсті

21 ақпан 2019, 09:25
Таразда Қазақстан футбол федерациясының өкілдері, жергілікті бапкерлер мен әдіскерлердің қатысуымен өткен басқосуда балалар және жасөспірімдер футболын дамыту бағдары талқыланды.

Кездесудің басты мақсаты елімізде балаларды жаттықтыратын бапкерлердің қызметі болды. Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов балалар және жасөспірімдер футболына көп көңіл бөлу қажет екенін айтты. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жаңа жобаларды жүзеге асыру жолында да қыруар жұмыстар күтіп тұр.

Қазақстан футбол федерациясының Балалар және жасөспірімдер футболы департаментінің директоры Игорь Утробин елімізде балалар футболын дамыту және насихаттау үшін қабылданған бағдарламалардың жұмысына тоқталды. Биыл футбол орталықтары мен академиялар арасындағы біріншілік жеті жас ерекшелігі (2001-2007) бойынша өтеді. Алайда, бұл маусымда жартылай финал және финалдық кезең жарыстары өтпейді. Жеңімпаз айналым жүйесі бойынша анықталады. Сонымен қатар, алты жас ерекшелігі бойынша ел кубогы өтеді. Турнир топтық және финалдық кезеңнен тұрады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары