«Астана» футбол клубы – 2019 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері!

«Астана» футбол клубы – 2019 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері!

03 наурыз, 19:04
Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында елордалық «Астана» алматылық «Қайратты» ұтты. Конголық шабуылшы Джуниор Кабананга соққан қос доп елордалық ұжымға жеңіс әкелді.

«Астана» шабуылшысы Джуниор Кабананга кездесудің жетінші минутында «Қайрат» қақпашысы Стас Покатиловапен бетпе-бет шығып, есеп ашты.

Екінші таймда айып алаңының сыртынан соққы бағыттаған Кабананга есепті еселеді.

Ойын 2:0 есебімен аяқталды. «Астана» футбол клубы – 2019 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері!

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев қатысты.

«Астана» - «Қайрат» - 2:0 (1:0)

Голдар: Джуниор Кабананга 7, 65

Ескерту: Абзал Бейсебеков 45, Евгений Постников 56 - Дино Миканович 57, Исламбек Қуат 61

Алаңнан қуылған ойыншы: Адеринсола Эсеола 85

«Астана»: Ненад Эрич (Қ) - Абзал Бейсебеков (Дмитрий Шомко 46), Марин Аничич, Евгений Постников, Антонио Рукавина - Иван Маевский, Юрий Логвиненко, Дорин Ротариу (Юрий Перцух 90+3) - Марин Томасов, Роман Муртазаев, Джуниор Кабананга (Рангело Янга 80).

Резерв: Станислав Павлов (Қ), Данил Подымский (Қ), Лука Шимунович, Серікжан Мужиков, Сергей Хижниченко, Владислав Прокопенко.

Бас бапкер: Роман Григорчук

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Ян Вороговский, Елдос Ахметов (Сергей Кейлер 71), Раде Дугалич, Дино Миканович - Исламбек Қуат, Айбол Әбікен (Рамазан Оразов 50), Конрад Вржещиньский, Чжон-Ву Хан (Еркебұлан Тұңғышбаев 64), Вячеслав Швырев - Адеринсола Эсеола.

Резерв: Владимир Плотников (В), Данил Устименко (В), Александр Соколенко, Георгий Жуков, Рифат Нұрмұғамет, Мартон Эппель.

Бас бапкер: Алексей Шпилевский

Төрешілер: Игорь Чесноков, Айдын Тасыбаев, Илашбек Орынбаев, Бағдат Абдоллаев (Қаратау), Болат Сариев (Орал), Рүстем Бейжанов (Петропавл).

03.03.2019. Алматы, «Орталық стадион». 16000 жанкүйер.

Бөлісу

Жаңалықтар

28 ақп., 22:50
Жоғары