Қазақстан – Шотландия және Қазақстан – Ресей матчтарына аккредитация қабылданады

Қазақстан – Шотландия және Қазақстан – Ресей матчтарына аккредитация қабылданады

11 наурыз 2019, 16:46
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының Шотландия және Ресей құрамаларымен өтетін ойынына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Шотландия құрамалары арасындағы ойын 21 наурыз күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Қазақстан мен Ресей құрамалары арасындағы ойын 24 наурыз күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Өтініштер әр ойынға жеке қабылданады. БАҚ өкілдерін тіркеу мерзімі 2019 жылдың 18 наурызы сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Назар аударыңыздар! Орын саны шектеулі. БАҚ үшін аккредитация саны – 2 (корреспондент және фотограф/бейнеоператор).

Назар аударыңыздар! Пресс-ложада бейне түсірілімге тыйым салынады.

Аккредитациялық бейджиктерді алу үшін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 790-785, +7 (702) 446-46-89, +7 (707) 515-20-20.

Бөлісу
Жоғары