Михал Билек: «Біздің алдымыздағы басты міндеттердің бірі – өткен турнирлерге қарағанда көп ұпай жинау»

Михал Билек: «Біздің алдымыздағы басты міндеттердің бірі – өткен турнирлерге қарағанда көп ұпай жинау»

21 наурыз, 12:19
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Шотландиямен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің сұрақтарына жауап берді:

- Оқу-жаттығу жиынын 16 наурызда бастадық. Алдағы екі ойынға дайындықты ерте бастауға жағдай жасаған Қазақстан футбол федерациясының басшылығына алғысымызды айтамыз. Біздің құрамада жарақат алған екі футболшы бар. Оның біреуі Германияда емделіп жатқан Бауыржан Исламхан. Ал, екіншісі бізбен бірге дайындалып жүрген Юрий Логвиненко. Қалған футболшылардың барлығы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің алғашқы екі ойынына дайындық жүргізуде.

- Қазақсан құрамасының алғашқы ойындардағы мүмкіндігін қалай бағалайсыз?

- Шотландия құрамасының УЕФА Ұлттар Лигасындағы барлық ойынын қарап шықтық. Шабуылға жылдам шығатын команданың жақсы ойынын көрдім. Шотландия құрамасының қапталдары өте мықты. Голдың барлығын қапталдан келген пастап арқылы соғады. Ертең біздің футболшылар тосынсый жасайды деп сенемін.

- 2010 жылы Чехия құрамасын жаттықтырып, Шотландиямен кездескен едіңіз. Сол кезде қарсыластың ойынын «жағымсыз» деп атадыңыз... Британиялық команданың ойыны сол уақыттан бері қаншалықты өзгерді?

- Өз алаңымызда 1:0 есебімен ұтып, сырт алаңда тең түстік. Шотландияның қазіргі құрамы сол құрамадан әлдеқайда жақсы.

- Шотландия футболының басты жұлдызы Эндрю Робертсон Қазақстанмен ойында алаңға шықпайды. Олардың қатарында жаңа қақпашы. Қазақстан үшін қандай басымдық бермек?

- Футбол болғандықтан жарақат алған ойыншылар болады. Бізде де, қарсыластарымыздың қатарында да жарақат алған футболшылар бар. Алайда, Шотландия сапында сапалы ойын көрсете алатындар жеткілікті.

- Қазақстан құрамасы мен қарсыластарының іріктеу тобындағы мүмкіндіктерін қалай бағалайсыз?

- Біздің алдымыздағы басты міндеттердің бірі – өткен турнирлерге қарағанда көп ұпай жинау. Бельгия — айқын фаворит. Шотландия және Ресей құрамалары бәсекелестікке төтеп бере алады.

- Бактиер Зайнутдинов пен Александр Меркельдің ойынға дайындығы қандай?  

- Мен Қазақстанға алғаш келгенімде Бактиермен сөйлестім. Оның ойынын бақылайтынымды айттым. «Ростов» сапында бірнеше ойын өткізді. Жас футболшының жылдамдығы мен техникасы жақсы. Александр Меркель болса Голландия чемпионатында ойнайды. Үнемі алаңға шығып жүр. Орталық алаңда допты жақсы алып жүре алады. Пастары да дәл. Қазақстан құрамасында ұзақ уақыт ойнамады. Исландия құрамасымен ғана алаңға шықты. Ең бастысы Қазақстан құрамасында ойнауды қалайды. Бізге қажет қос футболшы деп ойлаймын.

- Өткен жылы Алексей Щеткиннің атына көп сын айтылды. Биыл бір гол соғып, үш рет нәтижелі пас шығарды. Ертеңгі ойынға қаншалықты дайын? Шабуылшылардан кім бірінші минуттан бастап алңаға шығады?

- Дәл қазір ертең кімнің ойнайтын айта алмаймын. Алексей Щеткин ел чемпионатының алғашқы екі турында жақсы ойнады. Голға ұласқан пастарын айтуға болады. Бүгінгі жаттығудан кейін кімнің алаңға шығатынын анықтаймыз.

Бөлісу
Жоғары