Стюарт Армстронг: «Қазақстан құрамасын бағаламауға болмайды»

Стюарт Армстронг: «Қазақстан құрамасын бағаламауға болмайды»

20 наурыз, 22:35
Шотландия құрамасының жартылай қорғаушысы Стюарт Армстронг Астанада өткен матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Стюарт, Шотландия құрамасының қатарында көп өзгеріс болды. Каллум Макрегор – капитан. Жарақат алған ойыншылар бар. Киран Тирни де көмектесе алмайды. Мұның барлығы командаға қалай әсер етті?

- Барлық жағдайды жақсы түсінеміз. Алайда, біздің команда – мықты ұжым. Робертсон бастаған ойыншылардың жоқтығы әсер етеді. Каллум ұзақ уақыттан бері ұлттық құрамада ойнайды. Көшбасшы бола алады.

- «Селтик» сапында Астанада ойнадыңыз. Қазақстанның ойынынан не күтуге болады?  

- Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойындар қиын болған еді. Ертең де ауыр ойын күтіп тұр. Қарсыласты бағаламау мүмкін емес. Жасанды алаңның сапасы жақсы. Осыған дейін ойнаған кезде алаңның сапасы таңғалдырды. Ешқандай мәселе болмады.

- Іріктеу кезеңін жеңіспен бастау қаншалықты маңызды?

- Іріктеу кезеңін оң нәтижемен бастағымыз келеді. Жеңіске деген сенім мол. Алғашқы екі ойында жақсы ойнап, турнирді сәтті жалғастыру үшін жағдай жасау қажет.

- Англия чемпионатында ойнайтын Шотландия құрамасының ойыншылары Қазақстан құрамасымен ойында басымдық бере ме?

- Англия мен Шотландия чемпионатарының ойын ырғағы сәл басымдық беретіні анық. Жоғары деңгейде ойнаймыз. Алайда, Қазақстан құрамасын бағаламауға болмайды. Олардың сапында да жақсы ойыншылар бар. Жай айтып отырған жоқпын.

- Астанада екі рет ойнадыңыз. Бірінші рет тең түсіп, екінші рет жеңілдіңіз. Ертеңгі ойында осы жағдай қаншалықты ынталандырады?

- Сол ойындар есімде қалды. Өте ауыр болған. Сол себепті Қазақстанмен ойын қиынға түседі. Алғашқы кездесу біздің құрама үшін маңызды. Жеңіске жету үшін жақсы дайындықпен келеміз.

Бөлісу
Жоғары