Исламбек Қуат: «Ел намысын қорғайтын барлық ойыншылар кездесудің маңыздылығын түсінеді»

Исламбек Қуат: «Ел намысын қорғайтын барлық ойыншылар кездесудің маңыздылығын түсінеді»

23 наурыз 2019, 20:02
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Исламбек Қуат Қазақстан-Ресей матчының алдында баспасөз мәслихатына қатысты.

- Ресейлік баспасөз Қазақстан құрамасын оңай жеңеміз деп жазып жатыр. Не айтасыз?

- Жаза берсін. Олардың жұмысы ғой. Ертең ойын көрсетеді.

- Шотландиямен ойындағы жеңісті тойлап болдыңыздар ма?

- Ешқандай тоқмейілсу жоқ. Ресей құрамасымен ойынға дайындалып жатырмыз. Жақсы қарсылас. Біз өз деңгейімізді көрсеттік, әрі қарай дайындаламыз.

- Ресейдің орталық аймағындағы үш футболшысы Зобнин, Кузяев және Головин ертең алаңға шықпайды. Бұл туралы талқылап тастадыңыздар ма?

- Ресей құрамасының барлық ойыншылары жақсы. Орталық алаңда мәселе болады деп ойлаймын.

- Капитандық міндет атқарудың әсері қандай?

- Капитан болу үлкен абырой және жауапкершілік жүктейді. Ел намысын қорғайтын барлық ойыншылар кездесудің маңыздылығын түсінеді. Жасыл алаңда барлығы бірдей.  

- Бельгия-Ресей ойынын қарадыңыздар ма?

- Біздің ойыннан кейін қарадық. Екі команда да жақсы ойнады. Маған ұнады.

Бөлісу
Жоғары