Төрешілер комитеті Қазақстанның футбол клубтарының ойыншыларымен кездесті

Төрешілер комитеті Қазақстанның футбол клубтарының ойыншыларымен кездесті

01 сәуір 2019, 14:58
Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер комитеті жыл сайын ҚР Чемпионаты мен Біріншілігі, сонымен қатар, футбол орталықтары мен академиялардың жетекшілері және ойыншыларымен кездеседі.

Биыл Төрешілер комитеті командаларды Қазақстан футбол федерациясы ұйымдастыратын жарыстарда төрешілерден талап етілетін Ойын ережесіндегі допқа таласу, қолмен ойнау және басқа маңызды бөлімдермен таныстырды. 

Өз кезегінде футболшылар да бірқатар сұрақ қойып, кәсіби жауап ала алды. Олар төрешілер корпусының өкілдерімен кездесудің маңыздылығын атап өтті. Футбол төрешілері барлық командаға сәттілік тіледі. 

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары