Қазақстан футбол федерациясының өкілдері УЕФА-ның бапкерлерге арналған семинарына қатысты

Қазақстан футбол федерациясының өкілдері УЕФА-ның бапкерлерге арналған семинарына қатысты

11 сәуір 2019, 11:52
УЕФА-ның білім беру дәрісі 7-11 сәуір аралығында Грузияда өтті.

Тбилиси қаласындағы Давид Петриашвили атындағы стадионда өткен семинарды УЕФА мамандары Джозеф Захруский мен Дэнни Райзер жүргізді. Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының Техникалық директоры Геннадий Скуртул дәріс оқыды.

Қазақстан футбол федерациясының атынан семинарға Құрама командалар департаментінің директоры Иван Азовский, Техникалық орталықтың директоры Арсен Іңкәрбеков пен нұсқаушылары Станислав Погорелов және Алексей Шапурин, ҚФФ нұсқаушы-тәлімгері Константин Котов қатысты.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары