Сертификация комиссиясының отырысы өтті

Сертификация комиссиясының отырысы өтті

26 сәуір, 12:12
Қазақстандық төрт клуб 2019/2020 жылғы маусымда УЕФА-ның клубтық жарыстарына қатысу құқығына ие болды. 

«Астана» (Нұр-Сұлтан), «Қайрат» (Алматы), «Тобыл» (Қостанай) және «Ордабасы» (Шымкент) футбол клубтары Премьер-лига командалары арасында ҚР Чемпионатының 2018 жылғы маусымның қорытындысы бойынша ЕФА-ның клубтық жарыстарына қатысады. 

Төрт ұжым да «УЕФА-ның клубтық жарыстарына қатысу үшін қаржылық фэйр-плей мен футбол клубтарына арналған сертификацияның» талаптарын орындап шықты. Атап айтсақ, спорт, инфрақұрылым, құқық, әкімшілік-кадрлық және қаржы критеийлері талапқа сай келді.

Бөлісу
Жоғары