Азамат Айтқожин: «Қайратты» қолдайтын жанкүйерлердің қарасы көп

Азамат Айтқожин: «Қайратты» қолдайтын жанкүйерлердің қарасы көп

26 сәуір, 10:30
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин футзалдан Чемпиондар Лигасының финалына қатысатын алматылық «Қайрат» командасына сәттілік тіледі.

- Бүгін алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының финалдық турниріне қатысады. Біздің команданың қарсыласы -Еуропаның ең мықты ұжымдарының бірі саналатын «Барселона».

«Алматы Арена» спорт кешені жанкүйерлерге лық толы болатынына сенім мол. «Қайрат» тек Қазақстан да ғана емес, Еуропада брендке айналған. Алматылық клуб жарқын жеңістерімен еліміздегі мыңдаған жанкүйерлерге қуаныш сыйлап жүр. Чемпиондар лигасынада баршамыз бірігіп, табысқа жете аламыз. Қазақстандағы ең мықты ұжым тек жоғары нәтижеге ұмтылады.

Мыңдаған жанкүйерлер бүгін «Қайраттың» ойынын тамашалап, қолдау білдіреді. Жеңіске деген сенім мол. Алға, «Қайрат»! – деді Азамат Айтқожин.

Бөлісу
Жоғары