Қазақстан – Сан-Марино матчына аккредитация қабылданады

Қазақстан – Сан-Марино матчына аккредитация қабылданады

29 мамыр 2019, 10:59
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының Сан-Мариномен өтетін ойынына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойын 11 маусым күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Өтініштер әр ойынға жеке қабылданады. БАҚ өкілдерін тіркеу мерзімі 2019 жылдың 6 маусымы сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Назар аударыңыздар! Орын саны шектеулі. БАҚ үшін аккредитация саны – 2 (корреспондент және фотограф/бейнеоператор).

Назар аударыңыздар! Пресс-ложада видео түсірілімге тыйым салынады.

Аккредитациялық бейджиктерді алу үшін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 790-785, +7 (702) 446-46-89, +7 (771) 606-00-37.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары