ҚФФ және ҚКФЛ  Допингке қарсы ұлттық орталықпен меморандумға отырды

ҚФФ және ҚКФЛ  Допингке қарсы ұлттық орталықпен меморандумға отырды

28 мамыр 2019, 14:11
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және Қазақстан Республикасының Допингке қарсы ұлттық орталығы серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды.

Қазақстанның допингке қарсы ұлттық орталығы - елімізде халықаралық құқық талабына сай допингке қарсы бағдарламаны жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Үш жақты келісімнің мақсаты – отандық футбол қауымдастығында допингке қарсы сауатты тәрбие қалыптастыру.

Меморандумға ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев және ҚазДҚҰО директоры Майра Бақашева қол қойды.

Допингке қарсы саясаттың тиімділігін арттыру және онымен күресте әлемдегі тенденцияларды сақтау мақсатында биыл отандық клубтардың мамандарына арналған семинар ұйымдастырылады. Олар спортта тыйым салынған әдістердің тізімімен танысады. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде футболшылармен кездесу жоспарға енгізілді.

2020 жылғы маусымнан бастап Премьер-лига клубтары арасында алғашқы допинг-сынақ өткізу туралы бастама ҚФФ мен ҚКФЛ ұйымдастарын жарыстардың тәртібімен қарастырылған.

 

Бөлісу
Жоғары