Қазақстан жастар құрамасы Фарер аралдарына келді

Қазақстан жастар құрамасы Фарер аралдарына келді

05 маусым, 12:30
Кеше кешке Қазақстан жастар құрамасы Алматы-Стамбул-Копенгаген-Вагар бағытымен Фарер аралдарына жетті.

Вагар қаласы қазақстандықтарды жаңбырмен қарсы алды. Қазақстан жастар құрамасы Фарер аралдарының халқы санынан екінші орында тұрған Клаксвуйк қаласында орналасты.

Футболшылар бірден алғашқы жаттығуын жасап та үлгерді. Бүгін матч алдындағы жаттығу жоспарланған. Фарер аралдары U-21  мен Қазақстан U-21 құрамалары арасындағы ойын 6 маусым күні Тофтур қаласында өтеді.

Бөлісу
Жоғары