Әділбек Жақсыбеков: «Жаңа еурокубок маусымы табысты болады деп үміттенемін»

Әділбек Жақсыбеков: «Жаңа еурокубок маусымы табысты болады деп үміттенемін»

09 шілде, 12:20
Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков еурокубок турнирлері қарсаңында отандық клубтарға сәттілік тіледі.

«Қазақстандағы футбол қауымдастығы үшін халықаралық ойындардың маңызы зор. Барша жанкүйерлер, мамандар, БАҚ өкілдері қазақстандық клубтардың еурокубоктағы ойындарын асыға күтті.  Жаңа еурокубок маусымы табысты болады деп үміттенемін. Премьер-лигада бәсекелестік артып, әр ойын тартысқа тола бастады.

Жыл сайын футбол инфрақұрылымы жақсарып, стадиондар қайта жөндеуден өте бастады. Жанкүйерлер үшін ойындарды тамашалауға жағдай жасалып жатыр. Осының барлығы Қазақстан командаларының Еуропада атой салуына көмектеседі деп санаймын.

Қазақстан соңғы жылдары еурокубок турнирлерінің топтық кезеңіне үзбей қатысып келеді. Алдағы маусымда да футболшыларды мақтан тұтамыз деп үміттенемін. Командаларға жеңіс тілеймін!

Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбеков

Бөлісу
Жоғары