«БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар лигасының алғашқы ойынында ірі жеңіске қол жеткізді

 «БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар лигасының алғашқы ойынында ірі жеңіске қол жеткізді

08 тамыз 2019, 10:13
Қазақстандық футболшыладың қарсыластары Фарер аралдарының «ЭБС/Скала» командасы болды.

Таллинде өткен ойында біздің қыздар қарсыластың қақпасына тоғыз гол соқты. Шабуылшы Гүлнара Габелия бес голдың авторы атанса, Екатерина Бабшук екі рет көзге түсті. Светлана Бортникова мен Черити Реубен бір-бірден қанжығасын майлады.

«БИІК-Қазығұрт» - «ЭБС/Скала» (Фарер аралдары) – 9:0 (6:0)

Голдар: Гүлнара Габелия 10, 13, 15, 28, 45+2, Екатерина Бабшук 22, 55, Светлана Бортникова 79, Черити Реубен 83.

Бөлісу
Жоғары