«БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар Лигасында «Андерлехтпен» ойнайды

«БИІК-Қазығұрт» Чемпиондар Лигасында «Андерлехтпен» ойнайды

17 тамыз 2019, 12:54
Швейцарияның Ньон қаласында әйелдер арасында Чемпиондар Лигасының 1/16 финалының жеребесі тартылды.

Жеребе қорытыныдысы бойынша «БИІК-Қазығұрт» қыздары Бельгияның «Андерлехт» командасымен кездеседі. Алғашқы ойын 11 және 12 қыркүйек күні Шымкент қаласында өтеді. Қарымта екі аптада кейін сырт алаңда ойналады.

«БИІК-Қазығұрт» қыздары іріктеу кезеңінде Эстония, Финляндия және Фарер аралдарының командаларын ұтып, 1/16 финалға жолдама алған болатын.

Бөлісу
Жоғары