Президент Кубогы - 2019. Қазақстан жасөспірімдерінің дайындығы

Президент Кубогы - 2019. Қазақстан жасөспірімдерінің дайындығы

21 тамыз, 18:05
Футболдан Қазақстан Президенті Кубогының дайындығы аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамалары өзара жолдастық кездесу өткізді.

Қазақстанның алғашқы құрамасы 6:1 есебімен жеңіске жетті. Арсен Азатов хет-трик жасап, Егор Ткаченко, Данияр Дулатов және Вадим Яковлев бір-бірден гол соқты. Ал, Қазақстанның екінші құрамасынан Руслан Ташметов көзге түсті. 

 

Қазақстан-1 – Қазақстан-2 – 6:1 (3:0)

Голдар: Арсен Азатов 3, 14, 80, Вадим Яковлев 34, Егор Ткаченко 42, Данияр Дулатов 59 – Руслан Ташметов 76.

Төрешілер: Саят Қарабаев, Рүстем Матякубов, Нұржан Жүнісов (барлығы – Нұр-Сұлтан).

21.08.2019. Нұр-Сұлтан, Қазақстан. «Футбол үйі».

 

23-29 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир өтеді. Жарысқа Қырғыз Республикасы, Армения, Тәжікстан, Литва және Қазақстанның екі құрамасы қатысады. Ойындар Футбол үйі ғимаратының алаңында өтеді. Барлық кездесу Қазақстан футбол федерациясының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 

Турнир кестесі

 

Бөлісу
Жоғары