Қазақстанның бірінші құрамасы ірі жеңіске жетті

Қазақстанның бірінші құрамасы ірі жеңіске жетті

24 тамыз 2019, 19:00
ҚР Президент Кубогының алғашқы жарыс күнінің екінші ойынында Қазақстан мен Қырғыз Республикасының құрамалар кездесті.

Есеп ойынның алғашқы минутында ашылды. Голдың авторы - Ғалымжан Кенжебек. Үзіліске дейін Алмас Құлшынбаев тағы да үш гол соқты. Данил Анкудинов, Ғалымжан Кенжебек және Арсен Азатов көзге түсті. 

Қазақстан құрамасының ойыншылары екінші тайм да қарқынын бәсеңдетпей, тағы төрт гол соқты. Асқар Сатышев, Данияр Дулатов, Муроджан Халматов және Вадим Яковлев мергендік танытты. Қорытынды есеп - 8:0.

Матчтың үздік ойыншысы атағы Қазақстан құрамасының капитаны Ғалымжан Кенжебекке берілді. Футболшыға ҚР Президенті Кубогының серіктесі «Volkswagen» компаниясының арнайы жүлдесі табысталды.

 

Қазақстан-1 - Қырғыз Республикасы - 2:0 (2:0)

Голдар: Ғалымжан Кенжебек 1, 37, Данил Анкудинов 17, Арсен Азатов 45+1, Асқар Сатышев 55, Данияр Дулатов 59, Муроджан Халматов 75, Вадим Яковлев 82

Ескерту: Абзал Калау 12 - Бейкунт Бейшебай уулу 63

Қазақстан-1: Никита Пивкин, Егор Ткаченко, Александр Широбоков, Асқар Сатышев (Данияр Орда 75), Арсен Азатов (Асыл Сармантай 58), Дмитрий Филиппов (Данил Сомов 46), Әліби Мұхит (Әсет Кончиев 46), Вадим Яковлев, Абзал Қалау (Диас Құшқынбаев 57), Данил Анкудинов (Данияр Дулатов 55), Ғалымжан Кенжебек (Муроджан Халматов 63);

Қырғыз Республикасы: Курманбек Нурланбеков (Роман Жаныбек уулу 61), Эрзат Чынгызбек уулу (Абылайхан Полотбек уулу 46), Баястан  Боконов, Бейкунт Бейшебай уулу, Атай Эшенкулов (Артур Данияров 21), Нурсеит Азаматов (Кутман Айманбетов 46), Арсен Шаршенбеков (Султан Боколеев 61), Эльзар Мелисбек уулу (Байбол Ермеков 76), Атай Ильичбек уулу, Нурбол Бактыбек уулу (Захридин Абдилажонов 90), Ааламбек Абылкасымов

Төрешілер: Андрей Марсал, Алексей Долгих,Әлішер Мыңбаев, Мансұр Сайдоллаев (барлығы - Қазақстан)

24.08.2019. Нұр-Сұлтан, Футбол үйі. 250 жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары