Литва жасөспірімдер құрамасы - ҚР Президенті Кубогының қола жүлдегері

Литва жасөспірімдер құрамасы - ҚР Президенті Кубогының қола жүлдегері

28 тамыз, 16:27
ҚР Президенті Кубогының үшінші орын үшін өткен ойынында Литва мен Қазақстан жасөспірімдер құрамалары кездесті.

Литва футболшылары жылдам есеп ашты. Ойынның бесінші минутында Гвидас Генейтис гол соқты. Қазақстан футболшылары қарап қалмай, араға төрт минут салып таразы басын теңестірді. Голдың авторы - Владислав Кравченко.

Көп ұзамай Матас Гасинас голынан кейін Литва тағы алға шықты. Үзіліске дейін Қазақстан құрамасы Роман Чирковтің голынан кейін есепті теңестірді - 2:2. 

Екінші таймда Литва шабуылшысы Армандас Кучис пенальтиден гол соғып, кездесуге нүкте қойды. Қорытынды есеп - 2:3. Литва жасөспірімдер құрамасы - ҚР Президенті Кубогының қола жүлдегері

Матчтың үздік ойыншысы - Қазақстан-2 құрамасының капитаны Сұлтан Асқаров. Футболшыға ҚР Президенті Кубогының серіктесі «Volkswagen» компаниясының арнайы жүлдесі табысталды.

 

Қазақстан-2 - Литва - 2:3 (2:2)

Голдар: Владислав Кравченко 9, Роман Чирков 35 - Гвидас Гинейтис 5, Матас Гасинас 12, Армандас Кучис - пенальти 51

Ескерту: Рүстем Габдрахманов 26, Александр Мрынский 45+1, Сұлтан Асқаров 86, Кирилл Лавренюк 90+2 - Наглис Палюшис 32, Томаш Гульбицки 45+1, Армандас Кучис 84, Грантас Яселишнас 87

Қазақстан-2: Темірлан Анарбеков, Рүстем Ғабдрахманов, Сұлтан Асқаров, Руслан Ташметов, Александр Мрынский  (Кирилл Лавренюк 68), Жалғас Арапов, Жаннұр Көкеев, Роман Чирков (Азамат Орынбасаров 77), Владислав Кравченко (Мирас Амантаев 27), Әлішер Рахымжанов, Зикролло Сұлтаниязов (Құдайберді Нарқұлов 34);

Литва: Данас Шимкевичюс, Наглис Палюшис, Метинас Абромавичюс, Матас Гасинас, Максим Андреев (Арнас Концюс 71), Грантас Яселишнас, Эмилис Гасинас, Гвидас Гинейтис, Томаш Гульбицки (Элияс Багдонавичюс 59), Армандас Кучис, Недас Юргис Шимкутис (Эрнестас Бурдзилаускас 31, Домантас Вайчекаускас 89)

Төрешілер: Никита Утробин, Самат Жарылқасынов, Мансұр Сайдолаев, Біржан Сержанұлы (барлығы - Қазақстан)

28.08.2019. Нұр-Сұлтан, Футбол үйі. 300 жанкүйер.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары