Бауыржан Исламхан: «Біздің құрамаға ертең оң нәтиже ғана қажет»

Бауыржан Исламхан: «Біздің құрамаға ертең оң нәтиже ғана қажет»

06 қыркүйек 2019, 00:05
Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Бауыржан, команданың жағдай қалай? Біздің футболшылар Кипрге алғаш рет келіп отырған жоқ. Ойынға дайындық қалай?

- Кипр құрамасы – өте жақсы команда. Біздің футболшылар ертеңгі ойынға дайын деп ойлаймын. Команданың қаншалықты дайын екенін ойын көрсетеді.

- Қазақстан құрамасы бұған дейін Кипрмен екі рет жолдастық матч ойнап, есе жіберді. Футболшылар қарымта қайтаруға дайын ба?

- Өткен-кеткенге мойын бұрмай, алдағы ойынға дайындық жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының топтан шығуға мүмкіндігі бар. Сол себепті қарсыласты жеңуге тырысамыз. Біздің құрамаға ертең оң нәтиже ғана қажет.

- Кипр құрамасында ерекше көзге түсетін футболшы бар ма?

- Бір ғана футболшыны атап өте алмаймын. Өйткені, футбол - командалық ойын. Кипр құрамасының мықты қарсылас екенін қайталағым келеді.

Бөлісу
Жоғары