Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын бастады

06 қыркүйек, 14:13
Александр Фамильцев командасы 2019/2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.

Біздің құрама 13-топта Хорватия, Грузия және Венгрия құрамаларымен ойнайды. Іріктеу ойындары 9-15 қазан аралығында Венгрияда өтеді.

 

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Константин Пузанов («Лугано», Швейцария), Владимир Бирюков («Қайрат»), Дамир Байшылықов («Қайсар»); 

Қорғаушылар: Әлішер Әжімов («Ақтөбе»), Теңізбай Әбдірахманов, Санжар Шураханов, Асанәли Мырзабек (барлығы - «Астана»),  Рауан Аманжол («Қайрат»), Абылайхан Майдан, Жалғас Жақсылықов (екеуі де - «Оңтүстік»), Богдан Савкив («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Денис Митрофанов, Бекжан Зыкырьянов (екеуі де - «Алтай»), Әділжан Нұрбай, Станислав Басманов (екеуі де - «Астана»), Мағжан Бауыржан, Нұрдәулет Әмірбек (екеуі де - «Қайсар»), Бекзат Иманғазеев, Хамит Шамиль (екеуі де - «Оңтүстік»), Әділхан Добай («Ордабасы»);     

Шабуылшылар: Амал Сейітов («Жетісу»), Алияр Мұхамед («Оңтүстік»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Матвей Герасимов («Шахтер»);

Жаттықтырушылар штабы: Александр Фамильцев - аға бапкер, Игорь Свечников - бапкер, Рафаэль Оразбахтин - бапкер, Сергей Бойченко - қақпашылардың бапкері, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Станислав Ведлер - массажист, Рустем Сералиев - менеджер.   

Бөлісу
Жоғары