Футзалдан Қазақстан Суперкубогы Атырауда өтеді

Футзалдан Қазақстан Суперкубогы Атырауда өтеді

10 қыркүйек, 10:00
Футзалдан ҚР Суперкубогы үшін ойын «Қайрат» пен «Ақтөбе» таласады.

Ойын 14 қыркүйек күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде өтеді. Ел чемпионы алматылық «Қайрат» пен ҚР кубогының иегері «Ақтөбе» арасындағы кездесу жергілікті уақытпен 17:00-де басталады. 

Дәл осы күні футзалдан 2019/2020 жылғы маусымдағы Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. Жарыстың бұл кезеңін «Жайық» және «Атырау» спорт кешендері қабылдайды. 

Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңіне «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Аят» (Рудный), «Жетісу» (Талдықорған), «Оқжетпес» (Көкшетау) және «Каспий» (Ақтау), сонымен қатар турнирге қатысуға өтініш білдірген әуесқой командалар қатысады. 

Бөлісу
Жоғары