Қазақстан жастар құрамасы Израильге есе жіберді

Қазақстан жастар құрамасы Израильге есе жіберді

10 қыркүйек, 20:56
2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан жастар құрамасы өз алаңында Израиль футболшыларын қабылдады.

Ойынның екінші минутында жылдам Израиль футболшылары жылдам есеп ашты. Гол авторы - Эйлон Альмог.

Бірінші таймның ортасына қарай Қазақстан құрамасының ойыншысы Вячеслав Швырев таразы басын теңестірді - 1:1.

Араға аз уақыт салып Қазақстан құрамасының алға шығуға мүмкіндігі болды. Қарымта шабуылда қарсыластың қорғаушысы біздің Рамазан Оразовты құлатты. Төреші белгілеген пенальтиді Акмаль Бахтияров қақпаға дарыта алмады.

Екінші таймда Израиль құрамасы екінші голын соқты. Кездесудің 83-минутында бұрыштамадан берілген допты Томер Йосефи голға айналдырды.

Қорытынды есеп – 1:2, - Израиль құрамасы үш ұпайға ие болды.

 

Қазақстан U-21 – Израиль U-21 – 1:2 (1:1)

Голдар: Вячеслав Швырев 22 - Эйлон Альмог 2, Томер Йосефи 83

Пенальтиден мүлт кеткен: Акмаль Бахтияров 29.

Бөлісу
Жоғары