Қазақстандық төрешілер тобы Чемпиондар лигасының жеңімпазының ойынында қызмет атқарды

Қазақстандық төрешілер тобы Чемпиондар лигасының жеңімпазының ойынында қызмет атқарды

13 қыркүйек 2019, 09:29
11 қыркүйек күні әйелдер арасында Чемпиондар лигасының 1/16 финалында ресейлік «Рязань-ВДВ» мен турнир жеңімпазы, франциялық «Лион» командасы кездесті.

Кездесуде Чемпиондар Лигасының жеңімпазы 9:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Ойын Рязань қаласында өткен болатын. 

Қазақстандық Эльвира Нұрмұстафина кездесудің бас төрешісі болды. Қос қапталдан Елена Алистратова мен Наргис Магау көмектесті. 

Біздің төрешілер ойында үш пенальти белгілеп, үш сары қағаз көрсетті. Ойында франциялық футболшылар екі хет-трик жасады. «Алтын доп» иегері Ада Хегерберг пен қорғаушы Венди Ренар үш реттен көзге түсті. 

Бөлісу
Жоғары