Балуандар арасында футбол жарысы өтті

Балуандар арасында футбол жарысы өтті

15 қыркүйек 2019, 02:06
Елордада басталған грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатына орай спортшылар мен бапкерлер арасында футбол турнирі ұйымдастырлды.

Футбол үйінде ұйымдастырылған жарысқа 15 команда қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев сөз сөйледі.

Жарыс қорытындысы бойынша «Altay CHAMPIONS» командасы топ жарды. Екінші орынды «Гүлдала» командасы иемденсе, үздік үштіктен Алматы облысының құрамасы көрінді.

Бөлісу
Жоғары