«БИІК-Қазығұрт» қыздары «Бавариямен» ойнайды

«БИІК-Қазығұрт» қыздары «Бавариямен» ойнайды

30 қыркүйек 2019, 18:09
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында қыздар арасында УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық «БИІК-Қазығұрт» командасы Германияның «Бавариясымен» ойнайтын болды. 

Алғашқы ойын 16/17 қазан күні Шымкент қаласында өтеді. Қарымта кездесу 30/31 қазан күні Мюнхен қаласында ойналады. 

Айта кетейік, біздің қыздар Чемпиондар Лигасының 1/16 финалында Бельгияның «Андерлехт» командасынан (1:1, 2:1) басым түскен болатын. 

 

Бөлісу
Жоғары