Қазақстан - Кипр және Қазақстан - Бельгия матчтарына аккредитация қабылданады

Қазақстан - Кипр және Қазақстан - Бельгия матчтарына аккредитация қабылданады

01 қазан 2019, 11:35
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының Кипр және Бельгия құрамаларымен өтетін ойынына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Кипр құрамалары арасындағы ойын 10 қазан күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы ойын 13 қазан күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Өтініштер әр ойынға жеке қабылданады. БАҚ өкілдерін тіркеу мерзімі 2019 жылдың 8 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс. Бейджиктер матч алдындағы баспасөз мәслихатында (9, 12 қазан күндері) таратылады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды. 

Назар аударыңыздар! Орын саны шектеулі. БАҚ үшін аккредитация саны – 2 (корреспондент және фотограф/бейнеоператор). 

Назар аударыңыздар! Пресс-ложада УЕФА талабы бойынша видео түсіруге тыйым салынады.

Аккредитациялық бейджиктерді алу үшін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 790-785, +7 (702) 446-46-89, +7 (707) 515-20-20.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары