Сергей Малый: «Футболшылар ертеңгі ойында күштерін үнемдемейді»

Сергей Малый: «Футболшылар ертеңгі ойында күштерін үнемдемейді»

09 қазан, 20:30
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Кипрмен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Ертеңгі ойынға команда қаншалықты дайын?

- Қарсыласты бағалау қажет. Біздің құрамада жарақат алған футболшылар бар. Юрий Логвиненко және Нұралы Әліп. Біздің дайындығымызды ойын көрсетеді деп ойлаймын.

- Кипр мен Бельгия ойындарына дайындықтың айырмашылығы бар ма? Бельгиямен өтетін ойынға күшті сақтап қаламыз ба?

- Футболшылар ертеңгі ойында күштерін үнемдемейді. Тактика - бапкерлердің тапсырмасы. Ойынға шығып, бар күш-жігерімізді саламыз.

- Қай қарсыласқа қарсы мотивация көп? Кипрден ұпай алуға болады. Ал, Бельгияның атағы зор...

- Ойындардың деңгейін бөлмейміз. Жеңіске жеткен әр ойынның маңызы зор. Әлемнің ең үздік командасына қарсы ойнау үлкен мәртебе. Бірақ, халықаралық аренада кез келген жеңістен ләззат аласың. Қарсыластың қандай деңгейде болғаны маңызды емес. Әр ұпай - қуаныш.

- Ресеймен өткен ойында тең түсуге мүмкіндік болды. Алайда, ойын соңында гол өткізіп алдық.

- Тең ойнамадық. Кипрмен өткен кездесу заңдылық. Ресеймен болған ойынның соңына қарай күшіміз таусылды. Өрескел қателік Калининградта өткен ойынның тағдырын шешті. Енді ешқашан қателік болмайды деп уәде бере алмаймын. Ең бастысы - дұрыс сабақ шығару. Ешкімнің жеңілгісі келмейтіні хақ.  

- Кипрге қарсы үшінші рет алаңға шығасыз. Қарсылас туралы не айтасыз?

- Салмақты қарсылас. Олар да жеңіске жеткісі келеді. Біз де үш ұпай алуды қалаймыз. Әр ойында жеңіс үшін алаңға шығамыз. Кейде қарсыластың деңгейі бізден жоғары екенін ұмытпаған абзал.

Бөлісу
Жоғары