Қазақстан құрамасы топтан бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы топтан бірінші орын алды

27 қазан 2019, 00:24
Футзалдан 2020 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінің топтық кезеңінің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы жарыс иелері Румынияны 4:2 есебімен ұтты.

Қарсыластың қатарынан Савио мен Мариус Матей гол соқты. Біздің командадан Біржан Оразов бір гол соқса, Тайнан хет-трик жасады.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде үш ойынды да ұтып, топтан бірінші орын алды. Элиталық кезеңге топтан Қазақстан мен Румыния құрамалары шықты. 

 

Қазақстан - Румыния - 4:2 (1:2)

Голдар: Оразов 30, Тайнан 5, 30, 40 - Савио 1, Матей 4.

Пенальтиден мүлт кеткен: Матей 18.

Бөлісу
Жоғары