ҚФФ футбол маусымын қорытындылайды

ҚФФ футбол маусымын қорытындылайды

08 қараша 2019, 11:22
Қазақстан футбол федерациясы 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік футболшылар, бапкерлер және менеджерлерді салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырады. Шара 11 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Басталуы - 18:00.

Марапаттау рәсімінде ерлер және әйелдер футболы, жағажай футболы мен футзалдың үздіктері анықталады. Сонымен қатар, шараға үміткерлерден бөлек, футбол ардагерлері, БАҚ өкілдері, шоу-бизнес, телеарна, кино мен отандық эстрада жұлдыздары шақырылады. Салтанатты шараны «Хабар» телеарнасы көрсетеді. 

Барша футболсүйер қауым мен жанкүйерлерді футбол маусымының жабылу рәсіміне шақырамыз. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары