Дәурен Нұрғожин: «Дайындық жоспарға сәйкес өтуде»

Дәурен Нұрғожин: «Дайындық жоспарға сәйкес өтуде»

27 қаңтар, 10:59
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Дәурен Нұрғожин команданың  2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне дайындығы туралы айтып, қарсыластардың деңгейін бағалады: 

- 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне дайындық қалай өтуде?

- Барлығы жақсы. Үш күн бұрын елордаға жеттік. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты аздаған қиындықтар болды. Күніне екі рет жаттығу жүргізіп жатырмыз. Дайындық жоспарға сәйкес өтуде. 

- Қарсыластар туралы қандай пікір қалыптасқан?

- Қарсыластардың барлығы салмақты. Еуропада осал құрамалар жоқ. Чехия - жарыс иелері. Словения ірі турнирлерге жиі қатысады. Румыния жақында ғана лайықты қарсылық көрсетті. Қазақстанның әлемдегі жоғары орнын дәлелдеуге тырысамыз. 

- Команданың алдында қандай міндет қойылды? 

- Басты міндет – элиталық кезеңнің қорытындысы бойынша топтан бірінші орын алу. 2020 жылғы Әлем Чемпионатының финалдық кезеңінде ойнауды қалаймыз. 

- Игита мен Дуглас жарақатынан айығып, команданың қатарына қайта оралды. Олардың ойыны құраманың сенімін арттыра түсе ме?  

- Олар жарақат алған болатын. Бірақ, қазір толық жұмыс жасап жатыр. Әрине, олардың командадағы орындары ерекше. Алға қойылған міндетті толықтай атқарамыз деп ойлаймын. 

Бөлісу
Жоғары