Қайрат Иманалин: «Тактикамен көп жұмыс жүргізіп, әртүрлі комбинация ұйымдастырып жатырмыз»

Қайрат Иманалин: «Тактикамен көп жұмыс жүргізіп, әртүрлі комбинация ұйымдастырып жатырмыз»

27 қаңтар, 14:23
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Қайрат Иманалин 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне дайындығы туралы айтып, топтың көшбасшысын анықтады:

- Команданың көңіл-күй қалай? Қандай бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр?

- Тактикамен көп жұмыс жүргізіп, әртүрлі комбинация ұйымдастырып жатырмыз. Команданың жағдайы мен көңіл-күйі жақсы. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты елордағы ұзақ жеттік. Алдағы ойындардың жауапкершілігі жоғары. 

- Өткен маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы атандыңыз. Осы атақ та қосымша жауапкершілік жүктей ме? 

- Көп рахмет! Мақсат – Әлем Чемпионатына шығу. Ел үмітін ақтау! 

- Қарсыластар туралы не айтасыз?

- Румыния құрамасы соңғы рет өз алаңында қабылдады. Қиын ойын болған. Дегенмен, жеңіске жеттік. Қарсыластардың барлығы жақсы. Словения мен Чехияның ойын жүйелерін де жақсылап зерттейміз. 

- Топтың көшбасшысы кім?

- Қазақстан әлем рейтингінде жетінші орында тұр. Бұл жетістік маңдай термен келді. Алайда, қарсыласты бағаламауға болмайды. Әр қарсыластың қиындығы бар. Барлығы ойынға деген дайындыққа байланысты. Әр ойында жеңіске жетуге күш саламыз!

Бөлісу
Жоғары