Видео: Шетелдің бапкерлері емтихан тапсырды

Видео: Шетелдің бапкерлері емтихан тапсырды

27 қаңтар 2020, 16:10
Шетелдің бапкерлері Қазақстан Футбол федерациясының Техникалық орталығында білім алуға өтініш жасады. 

Қазақстан Футбол федерациясының Техникалық орталығында Pro категориясы бойынша қабылдау емтихандары басталды. 

УЕФА үлестіретін сертификаттар С, В, А және Pro болып бөлінеді. 

Алғашқы екі категория балалар мен жасөспірімдер футболында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

А және Pro категорияларының иелері кәсіпқой ойыншылардан құралған командаларды жаттықтырады. 

Ұлттық құрама командалар, Премьер-лига мен Бірінші лигада Pro категориясы бар бапкерлер қызмет атқара алады. 

Қазақстан Футбол федерациясының Техникалық орталығында білім алуға шетелдік мамандар да өтініш білдірді. Олардың арасында Ресей, Түркия, Сербия және Украина мамандары бар. 

Бапкерлер корпусының емтихандары мен сарапшылардың пікірлерін бейнематериалдан көре аласыздар. 

Бөлісу
Жоғары