Видео: Ұлттық құраманың елордадағы жаттығуы 

Видео: Ұлттық құраманың елордадағы жаттығуы 

27 қаңтар 2020, 19:43
Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне дайындығын бастады. 

Өткен жылдың қазан айында өткен турнирдің негізгі іріктеу кезеңінде біздің ойыншылар Албания (4:0), Нидерланд (5:0) және Румыния (4:2) құрамаларын ұтты. Ойындар Румынияның Пьятра-Нямц қаласында өтті. 

Элиталық кезеңнің D тобының ойындарын Чехияның Брно қаласы қабылдайды.

02.02.2020      Қазақстан - Румыния

03.02.2020      Словения - Қазақстан  

05.02.2020      Қазақстан - Чехия

Элиталық кезеңде 16 құрама жолдамаға таласады. Олар төрт топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпаздары финалдық кезеңге шығады. Сонымен қатар, екінші орын алған елдер өтпелі ойындарға қатысады. 

Литва - 2020 жылғы Әлем Чемпионатын қабылдайтын ел. Дүбірлі додағы Еуропа аймағынан тағы алты ел қатыса алады. Тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатқан Әлем Чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді. 

Қазақстан құрамасы алғаш рет Әлем Чемпионатына 2000 жылы шыққан болатын. Сол жылы жарысты Гватемала қабылдады. Екінші рет біздің ойыншылар 2016 жылы Колумбияда өткен Әлем Чемпионатына шықты. 

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны туралы толығырақ төмендегі бейнематериалда: 

Бөлісу
Жоғары