Азамат Айтқожин футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншыларымен кездесті

Азамат Айтқожин футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншыларымен кездесті

29 қаңтар 2020, 11:37
Қазақстан Футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Нұр-Сұлтан қаласында футзалдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының өкілдері және ойыншыларымен кездесті.

Ол Чехияның Брно қаласында өтетін Әлем Чемпионатының Элиталық кезеңіне қатысатын құраманың мүшелерін қолдап, сәттілік тіледі.

Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінде Словения, Румыния және Чехия құрамаларымен ойнайды.

Бөлісу
Жоғары