Видео: Ұлттық құраманың баспасөз мәслихаты 

Видео: Ұлттық құраманың баспасөз мәслихаты 

31 қаңтар 2020, 17:00
Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшылары Әлем Чемпионатының іріктеу ойындары алдында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, жарыстағы мақсат-міндеттерін айтып берді.

Жанкүйерлер асыға күткен ойындар 2-5 ақпан аралығында Чехияның Брно қаласындағы «Водова» спорт кешенінде өтеді. 


Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі. Элиталық кезең,  D тобы.

02.02.2020      Қазақстан - Румыния

03.02.2020      Словения - Қазақстан  

05.02.2020      Қазақстан - Чехия

 

Элиталық кезеңде 16 құрама жолдамаға таласады. Олар төрт топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпаздары финалдық кезеңге шығады. Сонымен қатар, екінші орын алған елдер өтпелі ойындарға қатысады. 

Литва - 2020 жылғы Әлем Чемпионатын қабылдайтын ел. Дүбірлі додағы Еуропа аймағынан тағы алты ел қатыса алады. Тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатқан Әлем Чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді. 

Қазақстан құрамасы алғаш рет Әлем Чемпионатына 2000 жылы шыққан болатын. Сол жылы жарысты Гватемала қабылдады. Екінші рет біздің ойыншылар 2016 жылы Колумбияда өткен Әлем Чемпионатына шықты. 

Толығырақ төмендегі бейнематериалда: 

Бөлісу
Жоғары