Кака: «Команда ел үшін жеңіске жетуге ұмтылады»

Кака: «Команда ел үшін жеңіске жетуге ұмтылады»

05 ақпан 2020, 09:00
Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері Рикардо Кака 2020 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеуінің элиталық кезеңінде Словениямен (4:3) өткен ойыннан кейін пікір қалдырды:

- Менің командамның көрсетіп жатқан ойынына ұялмаймын. Осы уақыта дейін де осы сөзді айтқан едім. Жігіттердің алаңда көрсетіп жатқан ойыны менің ойымдағы футзалға жақын келеді. Олар халық үшін ойнайды. Мұндай ниеттің арқасында барлық қиындықтарды артта қалдыруға болады. Бір күн демалуға мүмкіндік бердім. Чехиямен өткен ойында жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Екінші ойынның нәтижесіне қарамаймыз. Команда ел үшін жеңіске жетуге ұмтылады. 

Бөлісу
Жоғары