Футзалдан Қазақстан құрамасы елге оралды

Футзалдан Қазақстан құрамасы елге оралды

07 ақпан 2020, 10:02
Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін түнде Алматыға келді. 

Ұлттық құраманың ойыншыларын әуежайдан жанкүйерлер күтіп алды. Жаттықтырушылар штабы мен ойыншылар жиналғандарға алғысын білдіріп, суретке түсті. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Чехияда әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысқан болатын. Біздің команда өз тобында Румыния (1:3), Словения (4:3) және Чехия (5:2) құрамаларымен ойнады. Алты ұпай жинаған Қазақстан құрамасы бірінші орын алып, 2020 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. 

Бөлісу
Жоғары