Қыздар футболын дамыту комитетінің отырысы өтті

Қыздар футболын дамыту комитетінің отырысы өтті

12 ақпан 2020, 12:55
11 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде қыздар футболын дамыту бойынша комитет мүшелері бас қосты. 

Жиынға комитет төрағасы, ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі Бауыржан Әбдубайытов, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық және қыздар футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, сонымен қатар, комитет мүшесі әрі 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының бапкері Орынбасар Дәуренбекова қатысты. 

Басқосуда 2019 жылғы маусым қорытындыланып, 2020 жылға арналған қыздар футболын дамыту жоспары қаралды. Сонымен қатар, комитет қатарынан Вадим Горбенко мен Нина Тетерина шығарылып, Анна Темникевич пен Константин Давлеткильдеев қабылданды. 

Бөлісу
Жоғары