Видео: Ұлттық футболдың сандық технологиясы

Видео: Ұлттық футболдың сандық технологиясы

20 ақпан 2020, 10:10
Футбол үйінде ойыншыларды тіркеу жүйесін жаңарту мен салалық мамандарға арналған ФИФА-ның білім беру семинары өтті. 

ФИФА сарапшылары екі күн бойы Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жетекшілері мен қызметкерлеріне «FIFA Connect» электрондық платформасын таныстырды. 

Жоба ойыншыларды, бапкерлерді, төрешілерді, менеджерлерді және басқа да футбол саласындағы қызметкерлерді бірыңғай жүйеде тіркеуді қарастырады. 

Бөлісу
Жоғары