Видео: «Goalkeeper-В» категориясы бойынша курс сәуір айында басталады

Видео: «Goalkeeper-В» категориясы бойынша курс сәуір айында басталады

06 наурыз 2020, 09:30
УЕФА мен Қазақстан Футбол федерациясының Техникалық орталығы арнайы білім курсын ұйымдастырды. Қақпашыларды жаттықтыратын бапкерлер біліктіліктерін жетілдіру үшін арнайы мүмкіндік алды. 

Оқу процесін ұйымдастыруға УЕФА-ның қақпашылармен жұмыс бойынша инструкторы Александр Венцель қатысты. Ол бұрын Чехословакия құрамасының, Францияның «Страсбур», Словакияның «Слован»және басқа танымал клубтардың қақпасын қорғаған. 

Сонымен қатар, отандық футболда үздік қақпашылардың қатарына енген мамандар да шақырылды. Олар сәуір айында басталатын әрі үш кезеңнен тұратын «Goalkeeper-В» категориясы бойынша білім беру курсына қатысады. Алғашқы сатыдан іркілмей өткендер «Goalkeeper-А» категориясына түсуге мүмкіндік алады. 

Бөлісу
Жоғары