Игита төртінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанды

Игита төртінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанды

26 наурыз, 21:30
Футзалдан әлем үздіктерін анықтау үшін «Futsal Planet Awards» номинациясы ұйымдастырылды.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Леонардо де Мело Виейра Лейте тағы да топ жарып, төртінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанып отыр.

Ол 693 ұпай жинап, «Барселона» қақпашысы, испаниялық Хуан Хосе Ангосто Эрнандес (673) пен португалиялық «Спортинг» командасының намысын қорғайтын бразилиялық Тиаго Мендес Рочадан (665) басым түсті.

Игита бұған дейін 2015, 2016 және 2018 жылдары әлемдегі ең мықты қақпашы болып танылды.

 

Бөлісу
Жоғары