Жағажай футболының жарыстарын өткізу сұрақтары талқыға түсті

Жағажай футболының жарыстарын өткізу сұрақтары талқыға түсті

01 мамыр, 19:27
Футбол үйінде ұйымдастырылған видеоконференция арқылы Қазақстан футбол федерациясының жағажай футболына жауапты қызметкерлері мен жағажайы футболынан Қазақстан Чемпионаты мен Кубогының, сонымен қатар, Еуразия лигасының қатысушылары пікір алмасты.

Конференцияға Еуразия жағажай лигасының тұрақты қатысушысы павлодарлық «Арман» командасының жетекшісі әрі бас бапкері Болат Әленов, ресейлік «Алтай-Соккер» ЖФК президенті және бас бапкері Михаил Ульянов, Новосибирск қаласының «Джокер» командасының капитаны Павел Шевченко, сонымен қатар, Қырғызстан жағажай футболы федерациясының президенті Нұрлан Ақысбеков қатысты.

Тараптар ұйымдастыру жұмыстарының мәселелеріне тоқталды. Еуразия лигасының алғашқы туры Павлодарда, екінші туры Ресейдің Новосибирск қаласында, ал үшінші туры Қырғыз жерінде өтпек.

Ресейде барлық спорт жарыстары 31 мамырға дейін тоқтатылған. Бұл мәселеге қатысты Қырғыз елінде шешім 12-мамырдан кейін белгілі болмақ. Келесі күні Еуразия лигасының өкілдері қайта бас қосу жөнінде келісімге келді.

Әрі қарай онлайн-конференция жағажай футболынан Қазақстан Чемпионаты мен Кубогында сынға түсетін командалардың өкілдерінің қатысуымен жалғасын тапты.

- Карантин аяқталғаннан кейін жарысқа қатысушылардың дайындығы талқыға түсті. Биыл жағажай футболынан елімізде өтетін сайыстар тартысты болмақ. Қазақстанда спорттың бұл түрі кең танылып келеді. Ел чемпионатына павлодарлық «Арман», «Қапшағай» (Қапшағай), шымкенттік екі ұжым, сонымен қатар Алматы облысының «Малайсары» командасы қатыспақ. Ал, кубок ойындарында бағын сынауға Шымкент қаласынан екі әуесқой команда ниет білдірді, - деп қорытындылайды ҚФФ бұқаралық, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболының бас маманы Азамат Кенжеғұлов.

Бөлісу

Жаңалықтар

18 сәу., 23:30
Жоғары