ҚФФ мен әуесқой футбол лига өкілдерінің жиыны өтті

ҚФФ мен әуесқой футбол лига өкілдерінің жиыны өтті

01 мамыр 2020, 22:53
Видеоконференция форматында өткен кездесуде Қазақстан футбол федерациясының өкілдері еліміздегі он екі әуесқой футбол лигасының жетекшілерімен пікір алмасты.

Күн тәртібінде елімізде төтенше жағдай режимі мен карантин аяқталғаннан кейін аймақтардағы әуесқой турнирлерді қайта жалғастыру жоспары талқыланды.

Жиында қозғалған тақырыптардың бірі жарыс жобасын кеңейту мақсатында мини-футболдан 7 х 7 форматындағы Қазақстан біріншілігін ұйымдастыру ұсынысын жүзеге асыру болды. Шетелде, оның ішінде Латын Америкасында кең танымал турнирді өткізуге қызығушылық артып отыр.

Еуропаның ұлттық қауымдастықтарының құрамына кіретін Қазақстан футбол федерациясы «Бұқаралық футбол хартиясын» қолдайды. Бұл жоба аясында  6 х 6 және 8 х 8 форматында жарыстар да жиі ұйымдастырылады.

«Әуесқой футбол миллиондардың ойыны мен салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі саналады. Елімізде Қазақстан футбол федерациясы мен мүдделес тараптардың күштерімін жергілікті жерлерде көптеген жарыс өткізіліп, жүз мыңнан астам әуесқой футболшы қатысады. Бұқаралық футболды дамытуда «Grassroots Leaders» деп аталатын халықаралық бағдарламаны жүзеге асыруда Қазақстанға қола мәртебе беріліп, УЕФА тарапынан жоғары бағаға ие болды», - дейді Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболының директоры Ерлан Жамантаев.

Бөлісу

Жаңалықтар

18 сәу., 23:30
Жоғары