Арсен Венгер бағдарламасы ел футболына енгізіледі

Арсен Венгер бағдарламасы ел футболына енгізіледі

24 мамыр, 10:30
ФИФА мен Қазақстан футбол федерациясы жас дарынды ойыншыларды анықтап, әрі қарай дамытатын ерекше бағдарламаны жүзеге асырмақ.

ФИФА мамандары мен Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының жетекшілері қатысқан онлайн-конференцияда жаңа жобаға біздің елдің қосылатыны айтылды.

Жиында ұлттық қауымдастықтарды қолдауға арналған «Talent Development - Football Ecosystem Analysis» бағдарламасын іске қосу жолдарына тоқталды.

Онлайн-конференцияны ФИФА менеджері Раймондас Статкявичус пен ФИФА сарапшысы Эдвинас Эймонтас жүргізді. Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Иван Азовский мен оның орынбасары Әсет Базеков те қатысты.

«Жобаның міндеті – футбол мектептерінің дарынды тәрбиеленушілерін анықтап, оларды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Бағдарлам ең алдымен қазақ футболын зерттейді. Дарынды жастардың шеберлігін арттыру мен тәрбиелеу жолдары, селекция мен инфрақұрылым мәселелерін толық ұғыну керек. Әр ұлттық қауымдастықпен жеке жұмыс жүргіземіз. Жастарды дамыту жолы кебйір елдерде ұқсас болып келеді. Кей жағдайда дарынды жастарды жоғалтудың әртүрлі себептері кездеседі. Осындай жағдайларды азайтуға тырысамыз», - дейді ФИФА сарапшысы Эдвинас Эймонтас.

Ауқымы кең бағдарламаның жетекшісі - аты әлемге танымал бапкер, қазіргі таңда Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясының қызметкері Арсен Венгер. Бірнеше жыл бұрын ол ФИФА-ның әлем футболын дамыту бөлімін басқарды.

«Бағдарлама арқылы әр бала өзінің шеберлігін көрсете алады. Бағдарламның мақсаты үлкен. Біздің де ынта-жігеріміз жетіп артылады. Көптеген елдерде ұлттық құрамаға баса назар аударады. Ұлттық құраманың ойыны елдегі футболдың даму деңгейіне әсер ететіні анық. Алайда, жетістікке бәрі бірдей жете бермейді. Еуропа мен әлемнің басқа елдеріндегі футболдың арасында үлкен айырмашылық бар. Жас дарындарды анықтап, олардың өсуін қамтамасыз етуге бағытталған көптеген жобалар ғана жағдайды реттей алады», - деп мәлімдеді ФИФА-ның футболды дамыту бөлімінің басшысы Арсен Венгер.

Арсен Венгердің «Talent Development - Football Ecosystem Analysis» деп аталатын бағдарламасында Раймондас Статкявичус және Эдвинас Эймонтастан басқа да көптеген мықты мамандар бар. Олардың арасында АҚШ әйелдер құрамасын жаттықтырған Эйприл Хайнрихс пен Англия құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарған Стив Макларен бар.

«Жас футболшыларды дамыту бағдарламасының тиімділігі жоғары болмақ. Жобаның мақсаты бар. Ұлтық қауымдастықтың өкілдерінің көзқарасын тыңдай отырып, бір жыл бақылау жүргіземіз. Осы аралықта негізгі мәселелері мен мығым тұстарын анықтаймыз. Көп ақпартты жинап, талдауды аяқтағаннан кейін нақты шешімдер қабылданады. Әр елге арналған кеңестер беріледі», - дейді ФИФА сарапшысы Эйприл Хайнрихс.

«ФИФА сарапшылары ұлттық қауымдастықтардағы жағдайды бағалап, қорытынды шығарады. Әлемнің үздік стандартымен салыстырылады. Әрі қарай тараптар арасында серіктестікті жалғастырудың арнайы картасы әзірленеді. Бұл шешімнің қабылдануы жобаның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімге созылуына ықпал етеді. Нәтижесін де күтуге де шыдам қажет. Бағдарлама ерлер және қыздар футболына арналған. Біз дайындаған әдістемелерде жобаға қатысқан елдің ұлттық футболы мен қоғамдық-саяси жағдайын да ескеріледі», - деп түсіндірді ФИФА сарапшысы Раймондас Статкявичус.

«Жас таланттарды іздеу үш негізгі бөлімнен тұрады. Дарынды тәрибеленушілерді анықтау, олардың ортасын қалыптастыру және жұмысқа кәсіби біліктілігі жоғары бапкерлерді қабылдау. Бағдарлама әр елдегі үміті бар ойыншыларды дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Зерттеу жұмыстарының ауқымы кең. Талдау! Нәтиже! Футболдың деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін ұлттық футбол қауымдастықтарымен белсенді ынтымақтастық күтіп тұр», - деп атап өтті ФИФА сарапшысы Стив Макларен.

«ФИФА бағдарламасын жүзеге асыру әлемген танымал Double Pass компаниясына тапсырылған. Олар футбол клубтары, ұлттық қауымдастықтар және кәсіпқой лигаларлың қызметін бағалап, кеңес береді. Double Pass кеңесі бойынша атқарылған жұмыстың халықаралық аренда сапасы жоғары саналады. Олардың арасында жас дарынды футболшыларды дамытудың оң жолдарын қалыптастыру да бар. Бағдарламаға қатысу үшін ұлттық қауымдастықтар 13 футбол мектебін іріктеп алуы тиіс. Тізім де Қазақстан футбол федерациясы да бар. Қазақстанда футбол орталықтары мен академиялар, жеке футбол мектептері де енгізіледі. Double Pass олардың жұмысына мұқият талдау жасайды. Әрі қарай жас дарынды ойыншыларды анықтау мен дамытудың нақты көрсеткіштері белгіленеді», - дейді ФИФА сарапшысы Раймондас Статкявичус.

«Қазақстаннан тізімге енген он үш футбол мектебінің үшеуі ғана Double Pass дамыту жүйесін терең енгізуге мүмкіндік алады. ФИФА сарапшылары үздік үштікке енген футбол мектептерінің оқу-жаттығу процесімен толық танысады. Жаттығудың бейнематериалдарын мұқият зерттейді. Сараптама кезеңі аяқталғаннан кейін жобаға қатысушы он үш мектепке жас дарынды футболшыларды анықтау және дамыту жолын нақты жүзеге асыру үшін жеке бағдарламасын құру көмегі ұсынылады», - дейді Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Иван Азвоский.

ФИФА-ның ресми мәліметі бойынша «Talent Development - Football Ecosystem Analysis» бағдарламасына негізгі критерийлер бойынша іріктеліп алынған футбол мектептері енеді:

- Оқу-жаттығу процесін жүргізу үшін жеке немесе ұзақ мерзімді жалға алынған тұрақты спорт ғимаратының болуы;

- Қазақстанның әртүрлі жасөспірімдер құрамасына шақырту алған ойыншылар санының көптігі;

- Кем дегенде үш жас ерекшелігі бойынша тәрбиеленушілер тобы болуы қажет. Оның біреуі 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының категориясына сәйкес келуі тиіс;

- Штатта кем дегенде үш бапкер болуы қажет;

- Директор басқа клубта немес өзге қызметте болмауы тиіс;

- Ұлттық қауымдастық ұйымдастыратын балалар мен жасөспірімдер арасындағы жарыстарға тұрақты қатысуы қажет.

«Talent Development - Football Ecosystem Analysis» бағдарламасына қатысатын қазақстандық футбол мектептері арасында іріктеудің әділ болуын Қазақстан футбол федерациясы қадағалайды. Оларды анықтау жолында Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы мен бұқаралық футбол, балалар-жасөспірімдер және қыздар футболының беделді сарапшылары жұмылдырылады. Қазақстандық футбол қауымдастығы атынан әртүрлі жобаларда тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқан ФИФА-ға алғыс білдіргім келеді. Жас дарынды футболшыларды анықтайтын жаңа бағдарлама ФИФА-ның дәл уақытында жасаған қадамды деп санаймын», - деп мәлімдеді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков.

«ФИФА-ның жаһан футболын дамыту бөлімін басқаратын Арсен Венгердің футболшылармен жеке жұмыс жасай алатын керемет маман екенін білеміз. Әсіресе, дарынды жастардың жолын таба алады. Беделді маманның тәжірибесі арқылы ұсынылған бағдарламаның маңызы зор. Әр елге арналған жобаның табысты жүзеге асырылатынына сенім мол», - дейді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин.

Бөлісу
Жоғары