Жағажай футболының жарыс ережелеріне өзгертулер енгізіледі

Жағажай футболының жарыс ережелеріне өзгертулер енгізіледі

28 мамыр, 16:36
Жағажай футболының ойын ережесін бірыңғайлау үшін төрешілерге арналған ФИФА семинары өтті.

Форумға қазақстандық ФИФА төрешісі Павел Валяев қатысты.

Онлайн форматта өткен басқосуға әр құрлықтың конфедерациясының өкілдері жиналды.

ФИФА-ның төреші-нұсқаушылары Микеле Конти мен Лахдар Беншабен спикер болды.

Күн тәртібінде жағажай футболына енгізілетін жарыс ережелері талқыланды.

Төрешілер сарапшылардың толық түсіндірмесі мен әртүрлі тақырыптағы видеосынақтың талдауын тыңдады.

«Негізгі өзгертулер стандарт жағдайларына қатысты болды. Төреші ысқырық шалғаннан кейін төрт секунд ішінде айып соққысы мен еркін допты ойынға соғу жағажай футболының жылдамдығын арттырады.Талапты орындамаған төрешіге ескерту беріледі. Дегенмен соққы жасау мүмкіндігі сақталады. Бұл әрекет қайталанған жағдайда сары қағаз беріледі. Әрі қарай қызыл қағаз көрсетіледі. Ал, қарсылас команда айып соққысын орындау құқығына ие болады.

ФИФА кеңесі бойынша үшінші төрешінің міндеті кеңейіп келеді. Енді олар аренадағы негізгі жұмысқа араласады. Допты ойынға қосу сәтінде бес метрден тұратын аймақты сақтау үшін бақылау жүргізеді. Допты ойынға қосатын футболшыдан басқа екі команданың бірде-бір ойыншысы сол аймақта болмауы тиіс», - деп хабарлайды жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ерлан Жамантаев.

Жағажай футболының дүниежүзілік ұйымы халықаралық турнирлерді қыркүйек айында бастап, 2021 жылдың ақпанына дейін өткізуді жоспарлап отыр. Жарысқа қатысушыларға ұлттық біріншіліктері арқылы ойын тәжірибесін жинауға мүмкіндік беріледі. Әрі қарай жарыс күнтізбесі бойынша халықаралық жарыстарға қатысады.

Бөлісу
Жоғары