Ғани Мұратбаев атындағы стадион жаңартылды

Ғани Мұратбаев атындағы стадион жаңартылды

26 маусым 2020, 22:30
Елімізде танымал тұлғалардың есімімен аталған стадиондар бар. Солардың бірі - Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадион.

Жиырмасыншы ғасырдың басында Қазақстан жастарының көшбасшысының есімімен Қызылорданың басты аренасы аталады.

Өткен маусымда жас көшбасшының есімімен аталған стадион күрделі жөндеуден өтті.

Аренаға ItalGreen жасанды газоны төселіп, автоматты суару жүйесі, жаңа орындықтар, Philips жарық беру қондырғысы мен LED-тaбло орнатылды.

Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін УЕФА-ның бақылаушылары спорт ғимаратына құрлықтың екінші категориясын берді.

Халықаралық ойындарды қабылдау үшін жасанды газондарды сынақтан өткізетін зертхананың қорытындысы арқылы ФИФА рұқсат береді.

Стадионды жаңарту жұмыстары Қазақстан футбол федерациясының кеңесімен жүргізілді.

Аренаның халықаралық талаптарға сай болуын Қазақстан футбол федерациясы қадағалайды.

Фото: Бауыржан Елденбаев

Бөлісу
Жоғары